Жария оферта. Соңғы өзгеріс: 15.11.2026 · Құпиялылық саясаты
1. Тараптар. Орындаушы — ИП INFOHUB.KZ, БСН/ЖСН 881218302809, Алматы қ. Байзақов 280 (бұдан әрі — «Сервис»). Тапсырыс беруші — waw.kz сайтында қызметке ақы төлеген кез келген тұлға. Төлем осы шарттармен толық келісуді білдіреді.
2. Қызмет. Сервис тойға электрондық шақыру (3 990 ₸), 3D зал (+2 000 ₸) және сыйлық әлемі (1 990 ₸, сілтеме 7 күн ашық) қызметін көрсетеді. Шақыруды төлемге дейін тегін жасап, алдын ала көруге болады; қонақтарға сілтеме төлемнен кейін ашылады.
3. Төлем. Kaspi арқылы (Qut Pay). Бағалар теңгемен, барлық комиссияны қоса көрсетілген. Чек төлем провайдерінен келеді.
4. Мерзім. Шақыру беті мен кабинет той күнінен кейін кемінде 12 ай қолжетімді. Сыйлық әлемі төлемнен кейін 7 күн ашық, ұзарту — жеке төлем.
5. Қайтару. Қызмет Сервистің кінәсінен көрсетілмесе (сілтеме 24 сағаттан артық ашылмаса немесе төленген мүмкіндік жұмыс істемей, түзетілмесе), ақша толық қайтарылады. Тәртібі: қолдауға (байланыс төменде) тапсырыс нөмірі мен кірген телефон нөміріңізді жазасыз; Сервис 3 жұмыс күні ішінде жауап береді және 14 күн ішінде Qut Pay арқылы сол Kaspi шотына қайтарады. Қайтарудан кейін төленген тариф жабылады. Шақыруды қонақтар ашқан болса, қызмет көрсетілген деп есептеледі және қайтарылмайды.
6. Мазмұн. Тапсырыс беруші жүктеген фото, ән мен мәтінге құқығы бар екеніне кепілдік береді. Сервис шақыру беттерінде жарнама орналастырмайды.
7. Дербес деректер. Сервис Тапсырыс берушінің телефонын (кіру мен чек үшін), қонақтардың есімі мен жауаптарын, фото мен дауыстық тілектерін тек қызмет көрсету үшін сақтайды. Деректер үшінші тұлғаларға тек қызметке қажет көлемде беріледі: Qut Pay (төлем), Meta / WhatsApp Business Platform (кіру хабары мен еске салу), SMS-провайдер (WhatsApp болмаса код), Telegram (әкімшіге жаңа тапсырыс туралы қызметтік хабар: есім мен нөмірдің бір бөлігі), Google (сайт қаріптері Google серверінен жүктеледі; шифрланған резервтік көшірме Google Drive-та сақталады). Толық тізім, мерзімдер мен өшіру тәртібі — Құпиялылық саясатында. Тапсырыс беруші қонақтардың деректерін (есім, телефон, фото) орналастыра отырып, бұған құқығы бар екенін растайды және қонақтарға шақыру туралы хабарлайды. Тапсырыс берушінің сұрауы бойынша шақырудың барлық деректері өшіріледі.
8. Жауапкершілік. Байланыс провайдерлерінің әрекетінен немесе форс-мажордан туындаған қолжетімсіздікке Сервис жауап бермейді, бірақ той күні беттің жұмыс істеуіне барлық күшін салады.
9. Қолдау. WhatsApp +77788813333.