|

Құпиялылық саясаты

Соңғы өзгеріс: 15.11.2026 · Қызмет шарттары

1. Деректерді кім өңдейді. Оператор — ИП INFOHUB.KZ, БСН/ЖСН 881218302809, Алматы қ. Байзақов 280 (бұдан әрі — «Сервис»), waw.kz сайты. Серверлер Қазақстанда. Байланыс: WhatsApp +77788813333.

2. Қандай деректер жиналады. Тапсырыс берушіден: телефон нөмірі (WhatsApp немесе SMS кодымен кіру, чек), есімі, шақыру не сыйлық әлемінің мазмұны (есімдер, күні, орны, мәтіндер, фото, ән, дауыс жазбалары). Қонақтан: есімі, жауабы, қонақ саны, тілек пен дауыспен бата, қаласа — еске салу үшін телефон, альбомға фото. Техникалық деректер: IP-мекенжай, құрылғы мен браузер түрі, жекесіздендірілген пайдалану оқиғалары (ашу, жасау, төлем) және сессияны сақтайтын cookie.

3. Не үшін. Шақыруды қонаққа көрсету, жауаптарды қабылдау, той туралы еске салу, Qut Pay (Kaspi) арқылы төлем өткізу, WhatsApp арқылы кіруді растау, сервисті жақсарту және сайтта болғандарға жарнама көрсету (Meta мен TikTok пикселдері, тек жекесіздендірілген оқиғалар).

4. Кімге беріледі. Тек қызметке қажет көлемде: төлем провайдері Qut Pay-ге — сома мен тапсырыс нөмірі (карта деректері бізге келмейді); Meta-ға (WhatsApp Business Platform) — кіру хабары мен қонаққа еске салу үшін телефон нөмірі; SMS-провайдерге — WhatsApp қолжетімсіз болса нөмір мен код мәтіні; Telegram-ға — әкімшіге жаңа тіркелу, тапсырыс немесе пікір туралы қызметтік хабар (есім, +7 777 ••• 67 түріндегі толық емес нөмір, сома); Google-ға — сайт ашылғанда браузер қаріптерді Google Fonts серверінен жүктейді (Google сіздің IP-мекенжайыңыз бен браузер түрін алады), ал дерекқор мен файлдардың шифрланған резервтік көшірмесі Google Drive-та сақталады (шифр кілті тек бізде); Meta мен TikTok-қа — пикселдер қосулы болса ғана жекесіздендірілген жарнама оқиғалары. Деректер сатылмайды және үшінші тараптарға өз мақсаттары үшін берілмейді.

5. Қанша уақыт және қайда сақталады. Негізгі деректер — Қазақстандағы серверде. Шақыру мен кабинет — той күнінен кейін кемінде 12 ай; сыйлық әлемі — сілтеме ашық тұрғанда және одан кейін 90 күн; кіру кодтары — 10 минут; оқиғалар журналы — 12 ай. Резервтік көшірмелер: серверде 14 күн, шифрланған көшірме Google Drive-та 90 күнге дейін; деректер өшірілген соң осы мерзім өткенде көшірмелерден де жоғалады. Содан кейін деректер өшіріледі немесе жекесіздендіріледі.

6. Сіздің құқықтарыңыз. Кабинетте шақыруыңызды кез келген уақытта көре, өзгерте, өшіре аласыз. Қонақ өз жауабын, фотосын немесе жазбасын өшіруді шақыру иесінен немесе бізден сұрай алады.

7. Деректерді қалай өшіруге болады. Иесі: кабинетте шақыруды немесе әлемді ашып «Өшіру» басады — бет, фото, қонақ жауаптары мен дауыс жазбалары бірден өшеді. Аккаунтты телефон нөмірімен қоса толық өшіру үшін бізге жазыңыз: WhatsApp +77788813333, кірген нөміріңізді көрсетіп. 7 күн ішінде өшіріп, растаймыз. Бұл WhatsApp (Meta) арқылы алынған деректерге де қатысты: кіру хабарлары сақталмайды, нөмір аккаунтпен бірге өшеді.

8. Cookie және сыртқы ресурстар. Тек кіру мен тілді сақтайтын техникалық cookie қолданылады. Аналитика біздің сервердегі жекесіздендірілген оқиғалармен жүреді. Қаріптер Google Fonts-тан жүктеледі, карталар сіз басқанда 2GIS/Яндекс/Google-да ашылады.

9. Балалар. Сервис 18 жастан асқандарға арналған. Бала фотосын тек ата-анасы немесе заңды өкілі орналастырады.

10. Өзгерістер. Жаңа редакция осы бетте жарияланады; өзгеріс күні жоғарыда көрсетілген.