waw.kz сенімділігі мен қауіпсіздігі
Қысқа әрі адал: не уәде береміз, не уәде бермейміз, деректеріңіз қайда жатыр.
Деректер қайда сақталады
Негізгі деректер — Қазақстандағы серверде (Алматы). Елден тыс тек шифрланған резервтік көшірме (Google Drive, кілт бізде), Meta арқылы WhatsApp хабарлары және Google-ға қаріп сұраныстары кетеді. Толығырақ — құпиялылық саясатында.
Төлем
Kaspi арқылы, Qut Pay сервисімен. Карта деректері waw.kz-ке келмейді; чек төлем провайдерінен келеді.
Кіру
WhatsApp арқылы құпиясөзсіз: «Кіруді растау» батырмасы бар хабар немесе бір реттік код. Кірген соң «Бұл мен емес» батырмасы бар хабарлама келеді.
Нені кепілдейміз
Шақыру сілтемесі той күнінен кейін кемінде 12 ай жұмыс істейді; альбом мен жазбалар одан ұзақ. Біздің кінәмізден сілтеме 24 сағаттан артық ашылмаса — ақшаны қайтарамыз.
Нені кепілдемейміз
Келісімшарттық SLA мен тәуелсіз қауіпсіздік аудиті әзірге жоқ. Сервис Meta (WhatsApp) мен Kaspi-ге тәуелді: олардың ақауын өтей алмаймыз, бірақ статус бетінде хабарлаймыз.
Статус
Қолжетімділікті тәуелсіз монитор 5 минут сайын тексереді, тарихы ашық: github.com/kazprose/waw-status, қысқаша — waw.kz/status бетінде.
Өшіру
Иесі шақыруды кабинетте бірден өшіреді; аккаунтты толық — қолдауға сұраныспен 7 күн ішінде. Толығырақ құпиялылық саясатында.
Ашық құжаттама
Сервис сипаттамасы, API және ЖИ-агенттерге арналған ережелер ашық: github.com/kazprose/toi және waw.kz/llms.txt.